Қырғыз елі өз аумағында ҰҚШҰ оқу-жаттығуларын өткізу туралы шешімнің күшін жойды

Қырғыз елі өз аумағында ҰҚШҰ оқу-жаттығуларын өткізу туралы шешімнің күшін жойды

Қырғыз Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығы ҰҚШҰ елдерінің бітімгершілік күштерінің "Бұзылмас бауырластық-2022" командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізу туралы шешімнің күшін жойды. Арнайы оқу-жаттығу 10-14 қазан аралығында қырғыз еліндегі "Эдельвейс" полигонында өтуі керек болатын. ҰҚШҰ ресми сайтында да аталған іс-шаралар күнтізбеден алынып тасталды. Айта кетейік, "Бұзылмас бауырластық - 2022" оқу-жаттығуына Тәжікстанның Қарулы Күштері қатысуы керек болатын. Полигонда бітімгершілік операциясын жүргізу және атысты тоқтату режимін қамтамасыз ету жағдайы пысықталуы тиіс еді.