Атырауда түнде екі бірдей жол апаты болып, екі адам қаза тапты

Атырауда түнде екі бірдей жол апаты болып, екі адам қаза тапты

9 қазанда сағат 02:40 шамасында Chevrolet Niva көлігі Құлсары-Ақкиізтоғай тасжолының 17-ші шақырымында аударылып, 44 жастағы жүргізуші қаза тапты. Сағат 06:30 шамасында Доссор-Бейнеу тасжолының 104-ші шақырымында Lada Largus көлігі аударылып, бір жолаушы қаза тапты.

"Екінші жол апатын жасаған көлікте жеті адам болған," - деді Жылыой аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Мұрат Демегенов.
Тағы екі адам ауруханаға жеткізілгені айтылады.