Қостанай облысында көліктен 100 келіден астам марихуана табылды
Қостанай облысында көліктен 100 келіден астам марихуана табылды
231
оқылды
Polisia.kz Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора 2022» жедел алдын алу шарасы аясында өңірге есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, – деп хабарлады.
«31 тамызда жедел іс-шаралар өткізу кезінде Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тасжолының 107 шақырымында Lada Largus автокөлігін жүргізген Қарабалық ауданының 46 жастағы тұрғыны тоқтатылған. Тінту барысында көліктің салонынан өсімдік тектес зат салынған үш қап табылған. Сараптама бұл заттың салмағы 100 келіден асатын кептірілген марихуана екенін көрсетті. Алғашқы тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде аталған есірткінің ірі партиясы облысқа еліміздің оңтүстік өңірлерінен жеткізілгені анықталды», – дейді бөлімше бастығы Асылбек Әлмағамбетов.
Айтуынша, есірткі облыс аумағына тарату мақсатында жеткізілген.
«Қазір  Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау, ірі және аса ірі көлемде өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды», – деп атап өтті Асылбек Әлмағамбетов.
Жыл басынан бері Қостанай полицейлері заңсыз айналымнан 170 келіден астам түрлі есірткі затын тәркіледі. «Қарасора 2022» жедел алдын алу іс-шарасы мақсатының бірі – еліміздің басқа өңірлерінен есірткі жеткізу және өткізу арналарының жолын кесу. Бұл мақсатта облыста арнайы құрылған мобильді топтар жұмыс істейді. https://www.youtube.com/watch?v=9eMauyvnLx8