Қазіргі уақытта қазақстандық «Қарасу» өткізу бекетінде жүк автомашиналарының кептелісі жоқ, пост жұмысы штаттық режимде жүріп жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Жүк көліктерінің уақытша шоғырлануы Ресейден Қырғызстанға транзитпен келе жатқан көптеген көліктердің бір уақытта келуіне байланысты болды.
"22 қыркүйектен бастап Қазақстан-Ресей шекарасында бірінші кезекте өткізілген Ресей азаматтарының ағымы өсті. Ресейден Қазақстан аумағына жүк көлігінің кіруін Ресей шекара қызметі уақытша шектеді. Ресей азаматтарының ағыны азайғаннан кейін жүк көліктері Ресей тарапынан Қазақстан мен Қырғызстан бағытында бір уақытта жіберілді", – деп жазды ведомстводан.Осы себепті «Қарасу» бекетіне жүк машиналарының бір мезгілде келуі байқалған, қазіргі уақытта Қазақстанның шекара қызметі мен Мемлекеттік кірістер комитетінің экспорттық бақылауы штаттық режимде жұмыс істеуде.