Қазақстанда Toyota мен Lexus көлігін жиі ұрлайды – ІІМ

Қазақстанда Toyota мен Lexus көлігін жиі ұрлайды – ІІМ

Биыл осы уақытқа дейін 909 көлік ұрланған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жоғалған көліктің 775-і табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. ІІМ Криминалдық полиция департаментінің аға жедел уәкілі Құдияр Нұрсейітовтің айтуынша, ТМД-да ұрланған көліктерді иесіне қайтару бойынша елдер өзара тығыз жұмыс істейді.

«Қазақстанда Toyota, Lexus маркалы көліктерді жиі ұрлайды. Биыл 60-тан астам көлікке іздеу жарияладық. Оның 85%-і табылды. Кейінгі бес жылда ТМД-да ұрланған 50-ден астам көлік табылды. Қазақстаннан ТМД аумағында ұрланған 200-ге жуық автокөлікті іздестірді», – деді аға жедел уәкіл Құдияр Нұрсейітов.
Көлік ұрлығына қатысты күдікпен 19 қылмыстық топ ұсталды. Бұған дейін тек қана Lexus көлігін ұрлайтын топтың Алматы облысындағы бункері туралы жазған болатынбыз.