Жол талғамайтын көліктерді ұрлап, жерасты бункерге жасырып келген ұры ұсталды – видео
Жол талғамайтын көліктерді ұрлап, жерасты бункерге жасырып келген ұры ұсталды – видео
240
оқылды

Polisia.kz-тің мәліметінше, автокөлікті ұрлаған бір топ адам өткен жазда қолға түскен болатын.

Сол кезде Алматы облысы Қарасай ауданы Әйтей ауылындағы үйден қаскөйлер ұрлаған көліктерді жасырып жүрген жерасты бункері табылды.

Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков: «Қылмыстық іс бойынша басты күдікті – 1988 жылы туған И.есімді азамат, Түркістан облысының тұрғыны. Ол сол кезде қашып кетіп, осы уақытқа дейін  полициядан жасырынып келген. Алайда, жақында арнайы құрылған жедел тергеу тобы оны ұстап, қамауға алды. Қазіргі уақытта күдіктіге қымбат көліктерді ұрлаудың жеті дерегі, «Тойота Ленд Крузер» және «Лексус» маркалы көліктер бойынша айып тағылып отыр, – деді.

  https://youtu.be/bw91Gywzzys

Күдікті бұған дейін қарақшылық шабуыл, ұрлық және қару қолданып бұзақылық жасағаны үшін төрт рет сотталған.