Президент сайлауы: үш үміткердің құжаттары мемлекеттік органдарда тексеріліп жатыр
Президент сайлауы: үш үміткердің құжаттары мемлекеттік органдарда тексеріліп жатыр
Фото: Bnews.kz
344
оқылды
Қазақстан президенттігіне кандидат үш адамның құжаты тексеріліп жатыр. Бұл туралы елордада өткен брифингте Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов мәлімдеді.  Қазіргі кезде 7 адамның құжаты қабылданды. Оның төртеуі ҚР Президентін кезектен тыс сайлауда кандидат ретінде талаптарға сай болып шықты. Ал үш адамның құжаттары тиісті мемлекеттік органдардың қарауына жіберілген. «Талаптарға сай келетін кандидаттардың арасында Мейрам Қажыкен, Жигули Дайрабаев, Нұрлан Әуесбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев бар. Ал үш үміткердің құжаттары мемлекеттік органдарда. Бұл тұрғыда Нұржан Әлтаевтің, Қарақат Әбденнің, Талғат Ерғалиевтің құжаттары қаралып жатыр», - деді Шавхат Өтемісов Орталық сайлау комиссиясында өткен баспасөз мәслихатында. Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Нұрлан Әуесбаев Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде талаптарға сай болды.