Үлкен теннистен Астанада өткен АТР 500 турнирінде Новак Джокович топ жарды. Жарыс жеңімпазына рейтинг ұпай, шамамен 168 миллион теңге сыйақы берілді.
Әлемнің жетінші ракеткасы финалда грек теннисшісі Стефанос Циципаспен кездесті. Бір сағат 15 минутқа жалғасқан екі сәтте Джокович (6:3; 6:4) басым түсті. Осылайша, сербиялық теннисші тарихта 90 титулға ие болды. Жалпы, Джокович биыл бір маусымда төрт турнирде топ жарды. Ол АТР 250, АТР 500, АТР 1000 және Үлкен дулығаны еншіледі. Әрі 2022 жылдың қорытынды финалдық турниріне жолдама алды.
Турнир барысында Новак Джокович тоғыз жасар жас теннисші Абылайға жейдесін сыйлады. Финалдық матч аяқталған сәтте турнир бойы аудармашы қызметін атқарған Ерік Ільясовқа ракеткасын тарту етті.
Қызығы, финалда өнер көрсеткен Стефанос Циципас АТР 500 додасында тоғыз мәрте ақтық сынға шыққанымен, жеңіске жетпеген. Ал Джокович аталған турнирде екі жылдан соң қайта оза шапты.