Қала тіршілігінің күретамыры
Қала тіршілігінің күретамыры
609
оқылды
Әлеуметтік-экономикалық тір­шіліктің іркіліссіз жұмыс іс­теуі үшін озық технологияға сай жетілген жол-көлік инфрақұры­лымының болуы аса маңызды. Осы орайда Астанада зияткерлік көлік жүйесін дамыту жалғасын тауып келеді. Бұл көше-жол же­лісінің өткізу қабілетін арттыру­ға, көлік қозғалысының кешігуін азайтып, жол жүру уақытын қыс­қартуға септігін тигізеді. Осыдан екі ай бұрын елордадағы Ұлы дала даңғылында орналасқан үлкен көпір қолданысқа берілген бо­латын. Бүгінде көпір көлік кепте­лі­сін азайтып, жолаушылардың жол жүруін жеңілдетіп берді. Ал келесі жы­лы ас­та­налықтар Есіл өзені ар­қылы Тәуел­сіздік даңғылында орналасқан тағы бір кө­пір­мен қатынайтын болады. Соны­мен қатар соңғы жылдары 400-ден астам көше күрделі жөндеуден өткен. Олар­дың жартысы тұрғын алап­тарында орна­ласқан. Себебі көлік жүйе­сінің ин­фрақұрылымы – қала тіршілігінің күретамыры десек болады. Ендігі жер­­де елорда әкімдігі көлік және көше-жол желісі саласын­дағы цифр­лық шешімдер мен кешенді кө­лік схе­ма­сының тұжырымдамасы­на айырықша ден қойып отыр. Мәсе­лен, қазір Ас­танада зияткерлік көлік жүйесін пайдалану есебінен көлік жыл­дам­дығы 18 пайызға ұлғайса, жол жүрудің орташа уақыты 20 па­йыз­ға азайыпты. «Ақылды» бағдар­шам­дар кептеліс кезінде оңтайлы жұмыс режимін таңдауға мүмкіндік береді. Осылайша, жолдардағы қозға­лысты жеңілдетуге септігін тигізіп ке­леді. Шаһар басшы­сы Алтай Көлгінов­тің айтуынша, қа­ладағы бағ­даршам ны­сан­дарының 40 пайыз­дан астамы зият­керлік функция­лармен жабдық­талған. Ке­лесі кезеңде бағдаршам нысан­да­рының шамамен 80 пайызын ИТЖ-мен қамту жоспар­ланып отыр. жол Сондай-ақ бұған дейін елордада Кешенді көлік схемасы (ККС) тұжы­рымдамасы бекітіліпті. Бұл да халық­тың жыл сайынғы өсуін және жол­дардағы трафиктің ұлғаюын ескере отырып, қалалық көліктің 10 және одан да көп жылға бірыңғай техника­лық көзқарасын әзірлеуге мүмкіндік береді. Осылай деген қала басшысы «ККС сондай-ақ жаңа автомобиль көпірлерінің, жолайрықтарының санын ұлғайтуды, көшелерді кеңей­туді, тұйық жолдарды ашу, қоғамдық кө­лік­ті айтарлықтай жаңғырту секілді шараларды көздейді» деп отыр.