Түркістан облысында жазда Ақсу өзеніне батып кеткен үндістандық студенттің мәйіті табылды

Түркістан облысында жазда Ақсу өзеніне батып кеткен үндістандық студенттің мәйіті табылды

Түркістан облысы Төлеби ауданында Ақсу өзеніне батып кеткен шетелдік студенттің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Otyrar.kz-тің мәліметінше, биыл бір топ шетелдік студент 26 маусымда тауға серуенге шыққан. Төтенше жағдайлар департаменті студенттің мәйіті 3 жарым айдан соң табылғанын растады. 12 құтқарушы мәйітті екі қайықпен екі бағытқа бөлініп іздеді. Мәйітке сараптама жасау үшін полиция қызметкерлеріне тапсырды.

«Кеше сағат 13.15-те Ханарық ауылынан солтүстікке қарай 1,5 мың шақырым қашықта Ақсу өзенінен мәйіт табылды. Іздестіруге Республикалық жедел-құтқару жасағынан 5 құтқарушы, 1 қайық, Түркістан облысы ТЖД-нан 7 құтқарушы, 1 қайық жұмылдырылды. Құтқарушылар судан табылған мәйітті сараптамадан өткізу үшін полицейлерге берді», делінген ресми мәліметте.
Бұған дейін Ақсу өзеніне батып кеткен шетелдік студенттің әкесі Үндістаннан Түркістан облысына келгенін хабарлаған болатынбыз.