Ақсу өзеніне батып кеткен шетелдік студенттің әкесі Үндістаннан Түркістан облысына келді  
Ақсу өзеніне батып кеткен шетелдік студенттің әкесі Үндістаннан Түркістан облысына келді  
Фото: Видеодан скириншот
3,232
оқылды
Түркістан облысы Төлеби ауданында Ақсу өзеніне батып кеткен шетелдік студенттердің денесі әлі табылмады. Құтқарушылар терең шатқал, ағысы қатты өзендегі қауіп-қатерге қарамастан, 14 күннен бері екі студенттің мәйітін іздеп жатыр. Кеше екі шетелдік студенттің бірінің әкесі оқиға орнына келді. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов іздестіру барысымен таныстырып, іздеу әрмен қарай жалғасатынын айтты. 26 маусым күні сағат 20.10-да Түркістан облысы Төлеби ауданында Ақсу өзеніне 2001 жылғы 2 студент суға батып кеткен. Бір топ 21 студент тауға саяхатқа шыққан. Олар Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында оқиды. Бұған дейін Ақсуда болған қайғылы оқиғадан бірнеше минут бұрын студенттердің үнді әуеніне билеп жатқан видеосын жариялаған болатынбыз.