Қызылорданыңмектептеріндекүнделіктіүзіліскезіндегіқоңырауүнінкүйалмастырды. Бұлұлттыққұндылықтарымыздыдәріптеп, оқушылардыңбойынахалықөнерініңасылнәрінтереңіненсіңіруінежолашыпотыр.
Бұл бастама облыс аумағындағы мектептерде осыдан бірнеше жыл бұрын қолға алынған болатын. Алғашында тәжірибе жүзінде жүзеге асырылған жоба бертін келе өз тиімділігін көрсетіп, қоңырауды күйге алмастырған білім ошақтарының қатары көбейе түсті.
«Бұлигіліктібастамабұдансәлертерек, яғни екі-үшжылбұрынқолғаалынғанболатын. Осыарқылыжасұрпақтыңбойындаруханиқұндылығымыздыжаңғыртып, ұлтжандылықасылқасиеттеріміздітереңіненсіңіруінеүлкеннегізқаланды. Бүгіндеөңірдегібілімошақтарыныңбарлығыдерлікқоңырауорнынакүйойнатып, жаңашылдыққабетбұрды. Мұндайжаңашылдыққажолбастайтынигібастамаларалдағыуақыттадажалғасынтабатынболады», –дептүсіндірдіҚызылордаоблыстық БілімбасқармасыныңбаспасөзхатшысыБекболҚаласов.
Негізі, Қызылорда қаласы аумағында 50-дің үстінде мектеп бар. Бұл білім ошақтарының да барлығы дерлік қоңырауды сырлы әуенді күйдің сыңғырына алмастырған. Соның ішінде «Балбырауын», «Адай», «Аққу», «Ерке сылқым», «Әлқисса», «Көңілашар», «Қош керуен», «Дайрабай» күйлері ойнатылады.
«Негізіненбұлигібастама «Руханижаңғыру» бағдарламасынегізіндеқолғаалынғанболатын. Алғашында бірнеше мектепке қолданысқа енгізілді. Нәтижесі жақсы болды. Бүгінде қала мектептерінің 100 пайызы қоңырау үнін күймен алмастырды. Күйлер белгіленген жоспарға сәйкес, ауыстырылып отырады. Осының нәтижесінде ата-бабамыздан мұра болып жеткен асыл қазыналарымызды оқушылардың санасында жаңғыртып, ұлттық өнерімізді кеңінен насихаттауға мүмкіндік арта түсті», – дейді қалалық білім бөлімінің БАҚ-пен байланыс маманы Жарасхан Қуанышбайұлы.
Қаладағы сондай білім ордасының бірі – Ахмет Байтұрсынов атындағы №211 орта мектепте де бұл игі іс сәтті қолданысқа енгізілген. Бүгінде бұл білім ошағында үзілістен шығар уақытта Құрманғазының «Балбырауын» күйі ойнатылса, үзіліс аяқталған кезде «Адай» күйі қосылады.
«Мектебімізде қоңырау орнына күй ойнатылып келеді. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде қолға алынған бұл игі бастама балалардың мектеп қабырғасынан еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін оятып, ұлттық өнеріміздің асыл қазынасына сусындап өсуіне жол ашты деп айтуға болады. Реттілігімен қойылатын күйлердің әрбірінің өзіндік мәні де зор. Мектеп оқушылары мұны әр күйдің үнінен біліп отырады. Бұл күйлер білім бөлімінің арнайы тапсырысы бойынша белгіленген», – дейді мектеп директоры Әлия Көшкінбаева.
Жалпы, мектептерде күйдің ойнатылуының өзіндік ережесі қалыптасқан. Яғни, әдеттегі сабақ басталатын сәтте төкпе күй қойылса, ал сабақ соңында шертпе күй ойнайды.