Әлеуметтік желіде әлдебір ер адамның балалар алаңындағы ойыншық аттың артына жабысып алып, бір түрлі әрекеттер жасағаны жайлы видео тарап кетті. Бұл туралы Еgovpress Телеграмм арнасында жарияланды. Видеода орта жастағы ер азамат алдымен жан-жағына алақтап қарап алып, сосын балалар мінетін ойыншық аттың артына жабысып, бөксесін қимылдатқанын көруге болады.
"Шымкент қаласы, 16 ықшам ауданы. Ересек кісі ойын алаңында түсініксіз қимылдар жасауда. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Полиция, назар аударыңыз", – деп жазылған ақпарат көзінде. "Құдды айғыр биеге шапқандай", "Бұл не сұмдық", "Педофил" деп жазды көпшілік.