Атырау облысында жыртқыш қора-қора қойды қырып кетті
Атырау облысында жыртқыш қора-қора қойды қырып кетті
Фото: aikyn.kz
763
оқылды
Ауыл тұрғындары қойды қырған жыртқышты таппай отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Атырау облысы Индер ауданы Елтай ауылында екі түнде отызға жуық қойды қырып кетті. Белгісіз жыртқыш алдымен бір үйдің қорадағы 15 қойын жайратқан. Екі түнде отызға тарта қойды қырды дейді тұрғындар. Бірі бұл құтырған иттің ісі десе, енді бірі жыртқыш аң болуы мүмкін деп болжайды. Бірақ қораны қызыл қанға бояған жыртқышты ұстай алар емес.
Индер ауданы Елтай ауылының әкімі Олжас Хасанов: «Кезекшілік ұйымдастырылып, еріктілермен ауыл айналасына үркіту сияқты жұмыстар жүргізілді. Қазір басылды ғой. Қаңғыбас ит жоқ. Бізде көбі асыранды иттер кейде босап кетеді, кешкілік қараңғыда бос жүреді. Малдарды ветеринария бөлімі мал қорығына алып кетті. Ветеринария тарапынан экспертиза жасау жұмыстары жүргізілген жоқ», – деді.