Шымкентте елес кезген зәулім үй тағы да өртенді – видео

Шымкентте елес кезген зәулім үй тағы да өртенді – видео

Шымкент қаласында Дулати мен Мәделі қожа көшесінің қиылысында орналасқан тұрғын үй тағы да өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Otyrar.kz-тің дерегінше, бұл үйді көпшілік арасында елес кезген үй деп атайды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына лезде жетті. Көрші үйлерді өрттен сақтап қалды. Зардап шеккендер жоқ.   https://youtu.be/3flvOV4_qRo Өрт сөндірушілердің айтуынша, бұл үй бұған дейін де бірнеше рет өртенген. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, екі қабатты зәулім үйді елес кезіп жүреді. Сондықтан жаңа үй бос тұр. Иесі үйді салғанымен, қоныстанбаған. Оған үйде аруақ, елес бар деген сенім себеп болған.