Шымкентте жуынатын бөлмеден 11 жасар қыз өлі күйінде табылды
Шымкентте жуынатын бөлмеден 11 жасар қыз өлі күйінде табылды
18,829
оқылды
Шымкентте үйіндегі жуынатын бөлмеден 11 жастағы қыз баланың мәйіті табылды. Жедел медициналық көмек қызметінен Шымкент қаласы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне 10 қазанда сағат 06.30-да жазатайым оқиға туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға Еңбекші ауданының Маятас елді мекенінде Жалын көшесіндегі жеке тұрғын үйде болыпты. Алдын ала мәліметтер бойынша, жуынатын бөлмеде туыстары 2011 жылы туған жасөспірімнің мәйітін тапқан.
«Өлімнің себебі анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деді Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс жөніндегі тобы.
ТЖД қыздың газға уланып қайтыс болуы мүмкін деген ақпаратты растамады.