Google аудио файлды жазбаша мәтінге ауыстыратын жаңа смартфон шығарды
Google аудио файлды жазбаша мәтінге ауыстыратын жаңа смартфон шығарды
Фото blog.google алынған
584
оқылды
Жаңартылған Pixel 7 және Pixel 7 Pro моделі Google Tensor G2 процессорымен соңғы үлгідегі Android операциялық жүйесінде жұмыс істейді. Смартфондарға Google-дың ең озық интеллектуалды жетістігін қолданған. Бұл туралы компанияның blog.google ресми блогына сүйеніп Aikyn.kz хабарлайды. [caption id="attachment_222132" align="aligncenter" width="1220"]Pixel 7 Pro Фото blog.google алынған[/caption] Pixel 7 және Pixel 7 Pro жинақы дизайнда жаңа функциялармен ұсынылды. Жаңа смартфондар 6,7 дюймдік иммерсивті дисплеймен, әдемі өңделген алюминий жақтауымен және камерамен ерекшеленеді. Модельдің Snow, Obsidian және Lemongrass, Hazel color сияқты түсі бар. Жылдам, «ақылды» әрі қауіпсіз Pixel 7 смартфонының камерасында жаңа мүмкіндіктер көп. Смартфонда Super Res Zoom-ның жаңа нұсқасы орнатылған.
Macro Focus технологиясы небәрі 3 см қашықтықтан Pixel HDR+ сапасында суретке түсіреді. Енді гүл жапырағын, жаңбыр тамшысын, қауырсын және басқа да ұсақ заттарды дәл айқындықпен жарқыратып суретке түсіруге болады.
[caption id="attachment_222131" align="aligncenter" width="1071"]Pixel 7 Pro Macro Focus Pixel 7 Pro смартфонында Macro Focus көмегімен түсірілген фотосурет.
Фото blog.google алынған[/caption] Пайдаланушы Photo Unblur көмегімен бұлыңғыр фотосуреттерді де жандандыра алады. Бұлыңғыр кескіндерді жақсарту үшін машиналық оқыту технологиясы пайдаланылады.
Енді Pixel 7 және Pixel 7 Pro жаңа 10 биттік HDR көмегімен видеоны жарқынырақ, тартымды етіп түсіреді. Ал, Cinematic Blur режимі бейнелерді кинематографиялық сапада жазуға мүмкіндік береді.
Google компаниясының ақылды және интеллектуалды өнімдері Pixel және Pixel 7 құрылғысында мүмкіндігінше қолданылған. Tensor G2 көмегімен компания смартфонды одан да ақылдырақ ету үшін тілді түсінуге қатысты сипаттамаларды жақсартты. Дауысты тану технологиясының арқасында Google Messages қолданбасы аудио файлдарды жазбаша мәтінге ауыстыра алады. Жаңа қауіпсіздік чипі Pixel 7 смартфонын бірнеше деңгейде қорғап, вирустық шабуылға төзімді етеді. Смартфондар жыл соңына дейін VPN жаңартуын алады деп күтілуде. Бұл қосымша тегін және смартфон иесінің желідегі әрекетін барлық веб-браузерлерде қорғайды. Pixel 7 бағасы 599 доллар, ал Pixel 7 Pro 899 доллардан басталады. 14 қазаннан бастап телефондар АҚШ-тың ірі операторлары арқылы сатыла бастайды. Жаңа смартфондар алғашқы болып Дания, Нидерланды, Норвегия және Швецияда қолжетімді болады.