Ғазизхан Шекербек пен Мейрамбек Бесбаев Италияда жүр
«Қаңғырып жүр»: Ғазизхан Шекербектің видеосы әлеуметтік желіде талқыланып жатыр
instagram.com/gazizkhan
167
оқылды

Әнші Ғазизхан Шекербек Instagram парақшасында жаңа видео жариялады. Кадрлардан оның әнші Мейрамбек Бесбаевпен бірге Италияның Милан қаласында серуендеп жүргенін көруге болады.

Желі қолданушылары қос әншінің видеосына назар аударып, түрлі пікір қалдырған. Бірі әзілдесе, енді бірі оларға жақсы демалыс тіледі.

«Екі ағам Италияда қаңғырып жүр, мен экранның артында тамсанып отырмын», «Жақсы демалыс болсын», «Енді тамаша бейнебаян күтеміз» деп жазды оқырмандар.