АӨСШК – Азия мемлекеттеріндегі өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін жалғыз платформа – Әділ Қаукенов
АӨСШК – Азия мемлекеттеріндегі өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін жалғыз платформа – Әділ Қаукенов
Фото: t.me/bort_01
502
оқылды

Бүгін Астанада Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтті. Осы ретте ҚСЗИ-дің бас сарапшысы Әділ Қаукенов аталған кеңестің рөлі мен маңызы жайлы пікір бөлісті.

Сарапшының айтуынша, АӨСШК – ол жұмыс форматымын ерекшеленетін азиялық  мемлекеттердің бірегей құрылымы. Сондай-ақ директивтілік, мүше болу мен қатысу үшін қатаң талап, қатаң түрде рәсімделген өзара іс-қимыл жүйесі секілді ережелердің болмауы қазақстандық бастама аясына бірнеше мемлекетті біріктіре алды. 
“Шынында да, соңғы 10 жылдықта Азия мемлекеттері әсерлі экономикалық және технологиялық жетістіктерге қарамастан, қауіпсіздіктің түрлі сын-қатерлеріне: айқын әскери-саяси қауіптерден бастап экология, көші-қон, діни қайшылықтар, ұйымдасқан қылмыс және терроризм сияқты салалардағы мәселелермен бетпе-бет келді. Сонымен қатар  қазіргі әлемде мемлекеттердің өзара байланысы күшейіп келе жатқанын ескерсек, бір немесе екі елдің мәселесі микро немесе макроөңірлік бөліністегі барлық жағдайға сөзсіз әсер етеді”, – деп түсіндірді сарапшы.
Әділ Қаукеновтің пікірінше, мұндай қайшылықтарды шешудің ең оңтайлы әрі ең қиын жолы – келіссөз үстелін ұйымдастыру. 
“Азияда ірі әрі аффилирленбеген алаң жоқтың қасы. Бүгінде АӨСШК  мемлекеттер еш қысымсыз немесе қандай да бір директиваларсыз белгілі бір мәселелердің бірлескен шешімдерін шығара алатын жалғыз платформа болып отыр”, –  деді Қаукенов.
АӨСШК қатысушылары да  Қазақстанның ішкі және сыртқы жанжалдардан алшақ болуы сыртқы саясаттағы орасан зор жетістік екенін айтты. 
“Президент Қ.Тоқаев үлкен дипломатиялық тәжірибеге ие болғандықтан, қазіргі тұрақсыздық жағдайында қолда бар халықаралық құралдарды барынша пайдалану қажет екенін жақсы түсінеді”, – деп жазды сарапшы.