Полиция сатушы қызды ұрып құлатқан 48 жастағы әйелдің үстінен іс қозғады

Полиция сатушы қызды ұрып құлатқан 48 жастағы әйелдің үстінен іс қозғады

Қарағандыда сауда үйінде кассир қызды ұрып құлатқан әйелге қатысты іс қозғалды. Оқиғаның видеосы  әлеуметтік желіде жарияланды.

«Ануар» сауда үйінде сатып алушы мен кассирдің арасында болған жанжал бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабына (Бұзақылық) сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу амалдары барысында екі жақтың да дәйектері тексеріледі» делінген Polisia.kz таратқан ресми мәліметте.