Өзі жұмыс істейтін мекемені өзі тонаған кассир ұсталды
Өзі жұмыс істейтін мекемені өзі тонаған кассир ұсталды
Фото: tengrinews.kz
170
оқылды
Шымкентте шағын несие ұйымының қызметкері ұрлығын жасыру үшін өзі жұмыс істейтін мекемеге қарақшылық шабуыл ұйымдастырған. Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаменті хабарлады. Еңбекші ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне шағын несие беру ұйымына шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Кассирдің айтуынша, сағат 18.30 шамасында мекемеге көзілдірік пен медициналық бетперде киген 30-35 жастағы орта бойлы ер адам кіріп, пышақпен қорқытып, 1 миллион теңгеге жуық ақшаны алып кеткен. Сол күні тергеушілер ҚК-нің 192-бабымен («Қарақшылық») сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жедел уәкілдер күдіктіні анықтап, ізіне түсті. Бір тәулік ішінде полицейлер күдіктіні үйінен ұстап, полиция басқармасына жеткізген.
«Сотқа дейінгі тергеу барысында тергеушілер ұрлықты жасыру мақсатында кассирдің қарақшылықты өзі ұйымдастырғанын анықтады. Көмекке ол өз танысын шақырған. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 419-бабы «Көрінеу жалған сөз жеткізу» бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», – деді полицей.