Ресейде WhatsApp өшіріледі
Ресейде WhatsApp өшіріледі
Фото РИА Новости сайтынан алынды. Авторы: Рамиль Ситдиков
470
оқылды
Қазан айының соңына дейін WhatsApp мессенджері ескірген құрылғыларда жұмысын тоқтатады. Ескі гаджет иелеріне компанияның шешімін қабылдауға тура келеді, – деп Prime агенттігіне сілтеме жасап, Aikyn.kz хабарлайды.   Қарашадан бастап әлеуметтік желі iOS 10 және 11 қолдайтын модельдерде жұмыс істемейтінін және оларды қолданушылар операциялық жүйені iOS 12 нұсқасына дейін жаңарту қажеттігін vvCube консалтингтік тобының бас директоры Вадим Ткаченко айтқан.
Сарапшы iPhone 5 және iPhone 5C смартфондарының иелері мессенджерден толығымен бас тартуы керек.  Өйткені, бұл модельдер үшін жаңартулар тоқтатылғанын ескертеді.
[caption id="attachment_222382" align="aligncenter" width="1219"]WhatsApp IPhone 5 Фото depositphotos фотобанкінен алынды[/caption] Бұл мәселеде құқықтық та, техникалық та себептер бар. Заңды жағы – кез келген өнімнің пайдаланушы келісімінде бағдарламаны жүктеп алу мүмкін болмауы немесе кедергілер туралы жазылған. Егер операциялық жүйе немесе құрылғы деректерді қауіпсіз тасымалдай алмаса, WhatsApp осы жабдықты жүктеуді немесе пайдалануды шектеуге құқылы.
«Техникалық аспект: егер деректерді тасымалдаудың техникалық мүмкіндігі болмаса, оған заңмен тыйым салынуы мүмкін», – деп түсіндірген vvCube сарапшысы.
[caption id="attachment_222383" align="aligncenter" width="1220"]WhatsApp мессенджер Фото akket.com сайтынан алынды[/caption] Уақыт өте келе WhatsApp қосымшасы басқа да смартфон өндірушілердің операциялық жүйелерінің ескіруіне байланысты жұмысын тоқтатуы мүмкін. 6 қазанда Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров қолданушыларды WhatsApp-тан аулақ болуға шақырды. Дуров хакерлер осы қолданба арқылы смартфондардағы деректерге қол жеткізе алатынын ескертті.
Кәсіпкердің бұл мәлімдемесі екі компания арасындағы бітіспес бәсекені көрсететін имидждік қадам деп бағамдауға болады.
Ескерте кетейік, WhatsApp – Meta компаниясына (бұрынғы Facebook) меншігіндегі сервис. Ол хабарларды, қоңырауларды, фотосуреттер мен видео, аудио файлдарды, құжаттарды және дауыстық хабарламаларды жіберуге және қабылдауға мүмкіндік береді.