Bereke Bank мөлшерлемелерді көтереді
Bereke Bank мөлшерлемелерді көтереді
697
оқылды
Ең жоғары депозит түсімі 16%-ға (СЖТМ) дейін өсті. Банк депозиті – ақша сақтаудың және көбейтудің қарапайым әрі сенімді тәсілі. Клиенттердің қалауын ескере келе, Bereke Bank депозиттер бойынша мөлшерлемелерді көбейтетінін қуана хабарлайды. Енді «Bereke Bank» АҚ-дағы депозиттер түсімі 16%-ға дейін (СЖТМ ) көп болмақ. Ұсыныстар қазіргі клиенттерге, сондай-ақ жаңа клиенттерге де қолжетімді және қаражатты өзіңізге қолайлы кез келген мерзімге салуға болады. 
«Bereke Bank-те қаражат сақтауға арналған қолданыстағы шарттар клиенттерге барынша оңтайлы нұсқа таңдауға мүмкіндік береді. Біз клиенттердің қажеттіліктеріне қарай қаражатты сақтауға және ол бойынша жоғары сыйақы алуға болатын жинақтық депозиттерді ғана емес, клиенттің ақшасын мобильді басқаруға арналған депозит түрін де ұсынамыз, мұндай депозитті біздің мобильді қосымшамызда толтыруға және есептелген сыйақыны жоғалтпай, ішінара шешіп алуға болады», – деді «Bereke Bank» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрсұлтан Тасқаранов.
«Bereke Bank» АҚ депозиттерді, кез келген басқа да Банк өнімдерін нарық талаптарына сәйкестендіріп қана қоймай, клиенттер үшін барынша қолайлы жағдай жасауға тырысады. «Пайдаңды жіберіп алма Онлайн» және «Онлайн Басқар» – банктегі көпшілікке ең танымал депозиттік өнімдер, ал мөлшерлемелердің көтерілгенін ескерсек, депозиттер, біз күткендей, бұрынғыдан да тиімді әрі сұраныста болмақ. Bereke Bank «Bereke Bank» АҚ депозиттері мынадай бірнеше артықшылықтардан тұрады:
  • жинақ ақшаны мемлекет қорғайды*;
  • сыйақының жоғары мөлшерлемелері 2 жылға дейін беріледі;
  • депозит сомасына ай сайын пайыздар есептеледі;
  • жинақ ақшаңызды тиімді басқара аласыз;
  • депозитті әлемнің кез келген нүктесінде 24/7 ашып, оған әрқашан қол жеткізе аласыз.
«Bereke Bank» АҚ салымшылары үшін депозитті толтырудың көптеген тәсілдері бар. Мысалға:
  • мобильді қосымшада өз шоттарыңыздың арасында;
  • Банк бөлімшелеріндегі кассада толтыру;
  • Банктің ақпараттық-төлемдік терминалдары арқылы толтыру;
  • басқа ЕДБ-дан аудару: деректемелер немесе телефон нөмірі бойынша.
Кез келген тәсіл арқылы салған қаражат шотқа дереу түседі. Bereke Bank депозиттері туралы толық ақпаратты Банктің бөлімшелерінде немесе ұялы телефоннан жеке тұлғаларға арналған  5030 нөмірі бойынша Банктің Байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы алуға болады. *«Bereke Bank» АҚ-ның барлық депозиттерін «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ сақтандырады.   «Bereke Bank» АҚ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22ж. берген № 1.2.199/93/31 лицензия