«Қазгидрометтің» хабарлауынша, еліміздің солтүстік аймағында қалың қар жауып, Ақмола облысында боран соғады.
Батыс пен Оңтүстік Қазақстанда жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді, солтүстікте және орталықта бұрқасын күтіледі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын болады, жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан да жоғар болады, кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан жоғары күтіледі, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, Павлодар облысында көктайғақ күтіледі, Қарағанды облысында тұман түседі. Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында тұман болады. Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болжанады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.