Алматыда адвокат келіншекті өлтірген бұрынғы күйеуі ұсталды
Алматыда адвокат келіншекті өлтірген бұрынғы күйеуі ұсталды
692
оқылды
Алматы қалалық полициясы заңгер Айман Асанованы өлтірді деген күдікпен 1971 жылғы Н. деген азаматты ұстады. Ішкі істер министрлігі таратқан мәліметке сенсек, ол ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалған.
«Кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу жалғасып жатыр. Бұрын хабарланғандай, тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында»,– деп мәлім етті полиция.