«Абай – Қазақстанның ғана емес түбі бір түркі дүниесінің, тіпті бүкіл әлемнің ортақ рухани тұлғаларының бірі. Себебі Абайдың ілімі, Абайдың шығармашылығы – жалпы түрік халқына ортақ рухани, әдеби, мәдени құндылықтардың дәстүрлі жалғасы. Сондықтан мейлі Түркияда болсын, басқа да түркі мемлекеттінде өткен абайтануға байланыс- ты іс-шараларға ерекше көңіл бөліп келеміз», – дейді Қазақстан Республикасындағы Түркияның Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экіджі.Екітомдық «Абай Құнанбайұлы: сипаттамалы библиографиялық көрсеткіші» – 1889 жылы баспасөзде Абай туралы шыққан алғашқы мақаладан бастап, 2020 жылға дейінгі барлық жарияланымды мүмкіндігінше толық қамтыған ғылыми еңбек. Библиографиялық көрсеткішке Абай шығармалары мен абайтану саласындағы кітаптар, монографиялар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, библиографиялық материалдар, диссертациялар (кандидаттық, докторлық және PhD), газет пен журнал мақалалары, тағы да басқа жарияланымдарды қамтыған ұзын саны 12 мыңнан астам дерек енгізілген. Бірінші томда қазақ және шет тілдеріндегі Абай шығармалары мен абайтану бойынша 1069 басылымға ғылыми сипаттама жазылған. Ал екінші томға отандық және шетел газет-журналдары мен ғылыми конференция материалдарында Абай және абайтануға қатысты түрлі тақырыптарда жарық көрген 10,5 мыңнан астам мақаланың, академик-жазушы М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының барлық тілдегі басылымдарының толық тізімі кірген.
Айбике ЖАНАСЫЛ