ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 14 қазанда мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысын өткізді. Күн тәртібінде электронды-цифрлық қолтаңбадан бас тарту, халыққа қызмет көрсету орталықтарынан құжаттар алу, емханаға тіркелу және бизнеске арналған қызметтерді жетілдіру мәселелері қарастырылды. Министр қазір QR арқылы қол қою механизмі әзірленіп үлгергенін жеткізді. Ол ыңғайлы және қауіпсіз.
"Оны барлық порталдарға енгізу ғана қалды. Бұл жұмысты жандандыру және NCALayer жүйесінен толық бас тарту бойынша тапсырма бердім", - деді Бағдат Мусин.Сондай-ақ министр кейбір жағдайларда қызмет алушылар қандай да бір құжаттың дайын болғаны туралы СМС хабарлама алып, ХҚКО-ға келгенде оның әлі жеткізілмегенін біліп жататын жағдайға қатысты түсінік берді.
"Біз бұл қызметті жетілдіріп жатқанымызды және жақын уақытта адамдар халыққа қызмет көрсету орталықтарына қайта келмей, қызметтерді электронды түрде, уақытында алатынын атап өтемін", - деді Бағдат МусинСондай-ақ министр жақын арада емханаға тіркелу процесін толық автоматтандыру жоспарланып отырғанын да еске салды.
"Мұндай бастаманы Денсаулық сақтау министрлігі ұсынды. Яғни, өтініштер қағаз түрінде қаралмайды, жүйенің өзі бәрін тексереді және тіркейді, ал көшкен кезде адамға жаңа тұрғылықты жері бойынша емхана ұсынылады", - деді Цифрлық даму министрі.Сонымен қатар бүгін Әділет министрлігінің бастамасымен деректерді өзгерту процестерін жеңілдету, мысалы, тіркеу мекенжайын өзгертуге қатысты ұсыныс қаралды.
"Бұл қызмет банктердің қосымшаларында қолжетімді болады. Тек техникалық тұрғыда іске асыру ғана қалды, сондықтан мен бұл жұмыстарды жеделдетуді тапсырдым", - деді Бағдат Мусин.Бұдан бөлек, аталған жиында мемлекеттік қызметтер үшін төлем енгізу жағдайы талқыланды. Шетелдіктердің қызмет алуы кезінде ақы төлеу жүйесін енгізуге баса назар аударылды. Сөз соңында министр мүдделі мемлекеттік органдардағы (Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі, Қаржы министрлігі) мен Үкіметтегі әріптестеріне азаматтарға 2023 жылдан бастап шетелдіктер үшін төлем енгізу механизмін әзірлеуді тапсырды.