Біз айыппұл салудан шаршамаймыз - Бағдат Мусин
Біз айыппұл салудан шаршамаймыз - Бағдат Мусин
621
оқылды
Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин елордада Роза Бағланова көшесінде орналасқан  Sezim qala  тұрғын үй кешендері маңындағы байланыс сапасын тексерді. Бұл аймақта интернет пен ұялы байланыс сапасының төмендігіне қатысты тұрғындар тарапынан шағымдар саны артқан. Тұрғындарды тыңдап, олардың өтініштерінің негізділігіне көз жеткізген Бағдат Мусин байланыс операторларының жұмысын сынға алып, оларға ең қысқа мерзімде күрделі мәселені шешуді тапсырды. Министр осындай тексерулерді тұрақты негізде жүргізуді жоспарлап отыр. Бағдат Мусин операторлар халықпен тікелей жұмыс жүргізіп, байланыс пен интернетті жақсартатын базалық стансаларды орналастыру бойынша ортақ шешімге келу үшін мүлік иелерінің бірлестіктерімен (ОСИ) және тұрғындармен жиі кездесу керек екенін атап өтті. Сонымен қатар  Цифрлық даму министрі байланыс сапасы жақсармағанша, министрлік айыппұл салуды жиілететінін атап өтті.
"Сіздерде тек екі жол бар. Не мұнда қалыпты 4G болады, немесе әрбір операторға 4 млн теңге айыппұл болады. Біз  айыппұл салудан шаршамаймыз», – деді министр.