Путин мобилизациядан кейін Ресейден қашып кеткен азаматтар туралы айтты
Путин мобилизациядан кейін Ресейден қашып кеткен азаматтар туралы айтты
1,022
оқылды
Ресей президенті Владимир Путин ішінара мобилизация басталғалы елден кетіп қалған ресейліктер туралы ойын айтты. Ол оған эмоциялық емес, заң тұрғысында баға беретінін мәлімдеді.
"Әр жағдай бойынш әр азаматтың әрекетіне деген баға. Біреу бір нәрседен қорқып кетті, енді біреуі мобилизациядан құтылғысы келеді, тағысын тағы. Әрбір нақты жағдайда құқықтық баға беру керек және белгілі бір адамға қатысты тек осы негізде әрекет ету керек. Менің ойымша, басқаша әрекет ету мүмкін емес", - деді Путин Астанада өткен саммитте.
Оның айтуынша, ішінара мобилизация аясында 222 мың адам шақырылып, екі апта ішінде барлық жұмылдыру шарасы аяқталады.
"Қорғаныс министрлігі бастапқыда аз санды ұсынды. Екінші: қосымша ештеңе жоспарланбайды. Мен Қорғаныс министрлігінен ешқандай ұсыныс алған жоқпын. Мен жақын болашақта ешқандай қажеттілікті көріп тұрған жоқпын", - деді Ресей президенті.