Қазақстандық Артем Антропов ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды
Қазақстандық Артем Антропов ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды
Қазақстандық Артем Антропов ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қола медаль алды. Құрлықтық дода бүгінгі күндері Бахрейн астанасы - Манама қаласында өткізілуде. Азия чемпионатында 96 келі салмақта сынға түскен Артем Антропов қоссайыстың нәтижесінде 377 (158+219) келіні бағындырды. Нәтижесінде үшінші орынға тұрақтады. Аталған салмақта бахрейндік Лесман Паредес қоссайыста 397 (182+215) келі нәтиже бойынша алтын алса, 383 (177+206) келі салмақпен Тайбэйден келген Чэнь По-Дженге күміс бұйырды. Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Зульфия Чиншанло мен Асылжан Бектай чемпион атанды.