Қазақстандық Артем Антропов ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қола медаль алды.
Құрлықтық дода бүгінгі күндері Бахрейн астанасы - Манама қаласында өткізілуде.
Азия чемпионатында 96 келі салмақта сынға түскен Артем Антропов қоссайыстың нәтижесінде 377 (158+219) келіні бағындырды. Нәтижесінде үшінші орынға тұрақтады.
Аталған салмақта бахрейндік Лесман Паредес қоссайыста 397 (182+215) келі нәтиже бойынша алтын алса, 383 (177+206) келі салмақпен Тайбэйден келген Чэнь По-Дженге күміс бұйырды.
Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Зульфия Чиншанло мен Асылжан Бектай чемпион атанды.