16 жастағы қазақстандық Арина жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды
16 жастағы қазақстандық Арина жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды
465
оқылды
Шығыс Қазақстан жеңіл атлетика мектебінің тәрбиеленушісі Арина Гладышева осы күндері Кувейтте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде алтын медаль жеңіп алды. 16 жастағы Арина Гладышева 3 000 метр қашықтықта қарсылас шақ келтірмей, басты жүлдеге қол жеткізді. Осылайша, өскемендік жеңіл атлет Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қоржынына Азия чемпионатының екінші алтын медалін салды. Бұған дейін Сабрина Арзиева 5 000 метрге жаяу жүру жарысында топ жарған болатын. Бұдан бөлек, Анастасия Колода 400 метр қашықтықта кедергілермен жүгіру жарысында күміс жүлде жеңіп алған еді.