«Соғыс аяқталды деуге әлі ерте» – Сирия президенті Башар Асад мәлімдеме жасады
«Соғыс аяқталды деуге әлі ерте» – Сирия президенті Башар Асад мәлімдеме жасады
Фото: Интернеттен алынды
286
оқылды
Сирияның Идлиб және Алеппо провинцияларына әуеден шабуылдар жасалды, – деп хабарлайды «Хабар 24». Алдын ала мәліметтер бойынша, жараланғандар бар. Алайда олардың нақты саны әзірге белгісіз. Шабуыл кезінде сондай-ақ екі ауруханаға айтарлықтай нұқсан келтірілді. Соққыны үкімет әскері жасағаны белгілі. Сирияның қарулы күштері тақауда Алеппо мен ел астанасы Дамаск қаласын жалғап тұрған стратегиялық маңызды жолдан көтерілісшілерді ығыстырып шыққан болатын. Бір-екі күн бұрын осы провинциядағы бірнеше елді мекенді өз бақылауына алған. Еске сала кетейік, Сирия әскерінің әскери операциясы салдарынан өткен жылдың  1 желтоқсанынан бері 900 мыңға тарта адам үй-жайын тастап, босып кеткен. Бұған дейін Түркия оқ атуды тоқтатуды талап еткенін жазған болатынбыз. Бірақ Сирия президенті Башар Асад содырлардың көзін жоюға уәде берді. Башар Асад: «Елді мекендерді азат ету соғыс аяқталды не лаңкестік жойылды дегенді білдірмейді. Олай айтуға әлі ерте. Десе де, әрбір осындай жетістігіміз бізді жеңіске бір табан жақындата түседі», – деді.