Солтүстік Қазақстанда үш апта бұрын жоғалған ер адамның мәйіті табылды
Солтүстік Қазақстанда үш апта бұрын жоғалған ер адамның мәйіті табылды
Фото: tobolinfo.kz
578
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында іздеу жарияланған Сергей Лебедевтің  мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 42 жастағы Петропавл тұрғыны Сергей Лебедев 21 қыркүйек күні түсте балық аулауға кеткен.  Қызылжар ауданы Красный Яр елдімекені маңындағы Есіл өзенінде балық аулауға кеткеннен кейін із-түзсіз жоғалған. Кеше учаскелік полиция инспекторы ер адам балық аулаған маңнан оның мәйітін тапты. Балықшы суға батып кеткен.