Алматыда тергеу изоляторынан қашып кеткен қылмыскер екі айға қамалды

Алматыда тергеу изоляторынан қашып кеткен қылмыскер екі айға қамалды

Алматыда ЛА-155/18 мекемесінен қашып кеткен қылмыскер ұсталды. Оны екі айға қамауға алды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 2022 жылғы 16 қазанда сот қаулысымен тергеу органдарының С-ға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2 ай мерзімге санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды» делінген ресми хабарламада.
Сотталған адам 14 қазанда тергеу изоляторынан қашып кеткен. Ол адам өлтіргені үшін қыркүйекте 10 жылға сотталған.