Алматыда тергеу изоляторынан қашып кеткен қылмыскер ұсталды
Алматыда тергеу изоляторынан қашып кеткен қылмыскер ұсталды
342
оқылды
Алматыда ЛА-155/18 мекемесінен қылмыскер қашып кеткен. Полиция қылмыскерді ұстады, - деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
"Криминалдық полиция басқармасы мен Түрксіб аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарасу ықшамауданындағы Солтүстік айналма көшесі бойында қашқын ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазды ведомстводан.
Қашу дерегі соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 426-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Айта кетейік, қылмыскер биыл қыркүйекте Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен адам өлтіру дерегі бойынша 10 жылға сотталған. Қашу дерегі бойынша ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті қызметкерлерге қатысты тексеру жүргізіп жатыр.