Алматыда тек қана Mazda көліктерін ұрлап жүргендер ұсталды
Алматыда тек қана Mazda көліктерін ұрлап жүргендер ұсталды
Фото: polisia.kz
514
оқылды
Алматыда полицейлер Mazda көліктерін ұрлап жүрген ұрыларды ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, Алматы облысы Қарасай ауданының үш тұрғыны 9 көлік ұрлығына қатысты деген күдікпен ұсталды.
«Бүгінде анықталғандай, 23 жастағы Қарақалпақстан тумасы мен оның 22 және 28 жастағы екі сыбайласының мойнында көлік ұрлау бойынша 9 дерек бар. Үшеуі Mazda автокөліктерін ұрлауға машықтанған. Жедел іздестіру нәтижесінде, күдіктілер 23 жастағы Я. есімді ер адам, оның сыбайласы 22 жастағы  К. есімді күдікті және ұрланған көліктерді сатып алушы 28 жастағы Д. есімді тұрғын ұсталды. Үшеуі де сотталмаған. Кінәсін бірден мойындады. Тергеу барысында 4 көлік табылды. Қалғанын сатып жіберген, қосалқы бөлшектерге бөлшектеген», – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Ұрылар қамауға алынды.