Атырауда жол апаты салдарынан автокөлік өртеніп кетті
Атырауда жол апаты салдарынан автокөлік өртеніп кетті
Фото: ПД-нен алынды
452
оқылды
Оқиға бүгін түнде сағат 01:00 шамасында Атырауда болған. Ішімдік ішкен Toyota Ipsum автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі Mazda автокөлігімен соқтығысқан.
«Ол Сұлтан Бейбарыс даңғылымен келе жатып, С.Бейбарыс-Тайманов көшесінің қиылысында жол қауіпсіздігін сақтамай 31 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан Mazda автокөлігіне соқтығысқан. Салдарынан Toyota Ipsum көлігі оқиға орнында өртеніп кеткен. Жарақат алған Mazda автокөлігінің жүргізушісі Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді» делінген Атырау облысы Полиция департаменті таратқан мәліметте.
[caption id="attachment_221812" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: ПД-нен алынды[/caption] Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА