Орысша атауы – «цыпленок табака». «Цыпленокті» «тауық» деп, «табаканы» «темекі» деп аудара салған кім дерсіз? Мұндай «жөнсіз» аудармаларды іздесеңіз, кез келген сауда дүкендерінен қиналмай-ақ табасыз. «Живой кефирді» «тірі айран» деп, «лакированный колготкиді» «ит шұлық» дейтіндер де жетерлік.
Бұрын мұндай «жөнсіз» аудармалар үшін тіл басқармалары жауап беруі керек деп ойлайтын едік. Сөйтсек, қазір жауапкершілік өндірушінің өзінде екен. Мәселен, «Қызылжар-құс» «Темекі тауық» үшін өзі жауапты. «Қорқақ әйелдердің» де айыбы – өндірушіге байланысты.Демек, сауда орталығындағы кез келген тауардан қате көрсеңіз, оған кінәліні сырттан іздеудің қажеті жоқ. Оған жауапты – тағы да өндіруші. Сонымен, тауар белгілеріне үңіліп көрейік.
Қараңыз: «Алтынның решето» тұз. Құрам: ұн бірінші сұрып наубай бидай, су, май күнбағыс тазартылған хош иісті, сироп инвертный, тұз, ылғалды қармаушы бидайдың клетчаткасының, ашытқылар құрғақ наубай... Ал түсініп көріңіз.«Жем жануарларға арналған китекет сиыр етімен» дейді мысықтарға арналған өнімдердің сыртында. «Сливочное крестьянское» өнімін аударуға ерінсе керек, «крестьянское сарымайлы» дей салыпты. Ал«Сливочное традиционное» дегенді «дәстүрлі сарымайлы» деп алыпты. «Бонди» жевательный мармелад» өнімін «Шайналатын мармелад Бегемотик Бонди» дәрумендері деп салған. Дүкен аралап жүріп, «Мульти-пульти» деп аталатын әртүрлі түстері бар балалар ойыншығына көзіміз түсті. Қазақша нұсқаулықта: «Дамыта оқыту карточка Үйренеріміз түсті Мульти-пульти ойын үшін арналған топтық және жеке сабақтар» деп жазылған мәтіннен бірнәрсе түсіне алдыңыз ба? Білікті маман аудармағанын бірден байқайсыз. Қалай болса, солай аударылған. Тыныс белгісі де жоқ. Ал орысшасына қарасаңыз, барлығы ұғынықты. Қазақша нұсқаулық тұрса болды деп ойлайтын шығар, шамасы. Құрығанда тыныс белгісіне жауапты қарауға болар еді. Ал асхананың сыртына ілінген тақтайшада: «Комплексные обеды» дегенді «Комплекс жұмыстары» деп аударғандарды да көз көрді. [caption id="attachment_22349" align="alignnone" width="780"]
Көшеге ілініп қойған жарнама билбордтарда қате кетсе, оны түзету үшін алдын ала ескерту жасалады. Ескерту берілгеннен кейін түзелмесе, айыппұл төлетуге міндетті. Ал ұсақ өнімдердің сыртындағы қате жазулар «ескерусіз», «айыппұлсыз» қалып қоятын секілді.Дос Көшімнің айтуынша, «Заң бойынша аудармалардың қарпіне дейін бір болуы керек» екен. «Ал бұл «қателіктерді» түзейтін, бағалайтын өкілетті орган жоқ. Біздің заңымызда өкілетті орган – Тіл басқармасы. [caption id="attachment_22356" align="alignleft" width="446"]
Тіл басқармасының қолында ешқандай өкілет жоқ. Сондықтан біз прокуратураға айтамыз. Олар ол қағазды Тіл басқармасына жібереді. Қысқасы, бұл жерде кім жауап беретіні заң бойынша реттелмеген. Содан өндірушінің өзі біледі.Мәселен, Францияда қоғамдық жерлерде (сауда дүкендері, өндіруші) мемлекеттік тілде қате жіберсе, сол ұйымның қожайыны 5 мың евро көлемінде айыппұл төлеуге міндетті. Ешқандай сот шешімінсіз-ақ айыппұл төлейді. Ал бізде ондай айыппұл төлететін мүмкіндік жоқ», – дейді саясаткер.
Жарнама мәтіндерінде қате неден кетеді? Ірілі-ұсақты қатенің өріп жүруіне не себеп? Бұл тұрғыда аударма жасайтындардың біліктілігіне көп нәрсе байланысты, әрине. Алайда мемлекеттік тұрғыда біраз нәрсе жасалмай қалды. Соның бірі – Қазақстандағы компьютер атаулыға мемлекеттік тілді жазып, қолдануға аса қажетті мәтіндік редактор функциясының енгізілмеуі дер едік. Мұндай функция ағылшын, орыс, тағы басқа көптеген тілде бар.[caption id="attachment_22360" align="alignnone" width="780"]
Тәуелсіздіктің сонау бір елең-алаңындағы масайраудың жалыны қайтып, өмірдің бар саласын енжарлық пен салғырттық жайлағанының куәсі болып отырмыз. Ілгері басқан талабың тасқа тигендей боп кері кете берсе, солай болмағанда қайтсын-ай. Қайран Мөңке би бабамыздың: «Алашұбар тілің болады, дүдәмалдау дінің болады» дегені айна-қатесіз келіп тұр. Айтылған сөз бір құлағынан кірсе, екінші құлағынан шығатын ұрпақ өсіп келе ме дейтін дәркүмән күндер туды. Тек ақырын берсін дейік» деген екен.Белгілі жазушы Бекболат Әдет бір кездері «жетім сөз, жөнсіз тіркестер» туралы: «Айттық-айттық та қайттық» дейтін емес, адам болған соң сол айтқандарыңнан ұрымтал зердеге қонақтап, там-тұмдап болса да нәтижесімен қуантарын қалайтының өтірік емес. Бірақ мына керенау-кердең заманда сөз қадірін білетін жандардың көрер көзге түгесіліп бара жатқанынан қорқасың.
Мөңке бидің «Алашұбар тілің болады» деген сөзі осы заманға тұспа-тұс келіп тұр-ау. «Темекі тауық» жеп, «ит шұлық» киіп жүргеніміз де сондықтан болар.Гүлзина БЕКТАС