Қазақстандық садақшылар Грузияда өткен халықаралық турнирде 9 медаль жеңіп алды
Қазақстандық садақшылар Грузияда өткен халықаралық турнирде 9 медаль жеңіп алды
364
оқылды
Қазақстан құрамасы Батумиде садақ атудан халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті.
Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, алтын медальді Бунёд Мирзаметов, Адель Жексенбинова (күрделі садақ ату), Ильфат Абдуллин (классикалық садақ) жеңіп алды. Біздің спортшылар командалық жарыста жеңіс тұғырының бірінші сатысына үш рет көтерілді (құрама садақ (микс), классикалық садақ (микс және ерлер командасы). Классикалық садақ атудан Санжар Мұсаев екінші болды. Сонымен қатар командалар арасындағы жарыстарда Қазақстан ерлер мен әйелдер командалары арасында екі қола медальға ие болды.