Әлемді мейірім құтқарады
Әлемді мейірім құтқарады
663
оқылды
Елімізде «Қайырымдылық керуені» республикалық бай­қауы басталды. Биыл бесінші рет өтетін шара ел ішіндегі жү­регі жомарт, пейілі кең, көңілі дархан жанашыр жан­дарды, ел басына күн туғанда қайсар мінез танытып, қалт­қысыз қызмет қылатын ұжым­­дарды анықтауға ба­ғыт­­талған. Байқауға өтінім биылдың 30 желтоқсанына дейін қабылда­нады. Әлеуметтік, қоғамдық мә­се­лелерді шешуге сүбелі үлес қосатын, қоғамды игі іс жасауға ынталандыратын жеке және заңды тұлғалар байқауға қатыса алады. Ал кәсіпкерлік субъек­ті­лері, мемлекеттік қолдауға (мем­ле­кеттік грант, мемлекеттік тап­сырыс және т.б.) ие қайырым­ды­лық ұйымдары конкурсқа қатыса алмайды. Шараны Астана қа­ласының әкімдігі, Назарбаев қоры мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы жүзеге асырады.
«Қайырымдылық керуені» – дәстүрге айналған шара. Жылы сайын өтіп жатқан игі шараны қалалық әкімдік тұрақты түрде қол­дап келеді. Мұндағы мақсат – жақсылық жасауға асығатын жана­шыр жандарды, меценат­тарды, ұйымдарды біріктіру, қайырымдылық жасауды дәстүрге айналдыру. Еліміздегі мұқтаж жандарды, көмекке зәру отба­сыларды қолдау кім-кімнің бол­сын азаматтық парызы. Ал осы салада атқарылып жатқан игі бас­тамаларды ынталандыру, мара­паттау, қала берді жүйелеу үшін осындай конкурстар тұ­рақты түрде өткізілуі керек», – дей­ді қалалық ішкі істер саяса­тының басшысы Дәурен Бабамұратов.
Қазақстан әйелдерінің күші альянсы төрайымының орын­басары Баян Тойкебаева биыл байқау аясында 7 аталым бел­гіленгенін атап өтті.
«Жыл сайын еліміздің да­муына үлес қосқан батыл, қамқор жандарды, меценаттар мен нағыз патриоттарды анықтауға күш салып келеміз. Биыл 7 номинация бойынша қайырымды жандарды анықтаймыз. Атап айтсақ, ха­лықтық салт-дәстүрді сақтауға ба­ғытталған игі шараларға «Асар», білім беру, экология, абат­тандыру, мәдени нысандарды қалпына келтіру және тағы басқа бағытта туған өлкесіне жақсылық жасаған лауреатқа «Туған жер» аталымы беріледі. Ерлік пен қайсарлық танытқан жандарды, соның ішінде шұғыл қызмет (ТЖ, ІІМ, жедел жәрдем және т. б.) өкілдері «Батыл жүрек» номина­циясымен мара­пат­талады. «Мейі­рім жолында» номина­циясы бел­­гілі бір уақыт аралығында тұ­рақты түрде өтеусіз көмек көр­сет­кен жандарға, ал «Қайырымдылық тарихы» әлеу­меттік мәселе кө­теріп, өткір ма­те­риал дайындап жүрген журналиске немесе шы­ғармашылық ұжымға беріледі. «Бала жүрегі» аталымы төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен қайырымдылық іске қатыс­қаны үшін 6 жастан 18 жасқа дейінгі бала мен жасөспірімге, «Жа­нуарға мейірім» жануарларды қорғай­тын, оларды асырауға кө­мектесе­тін лауреатқа берілмек», – деді Баян Жұмашқызы.
Байқауға өтінім жіберуге ниетті азаматтар мен ұйымдар fnn.kz,businesswomen.kz сайтынан қосымша ақпарат ала алады.