Жамбылда Шерхан Мұртазаның мерейтойы басталды

Жамбылда Шерхан Мұртазаның мерейтойы басталды

Жамбыл облысында шындықтың шырақшысы, мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойы басталды. Мерекелік іс-шаралар халықаралық Тараз инновациялық институтының «Студенттер үйінің» алдындағы Шер-ағаның еңселі ескерткішінің ашылуымен түндігін түрді.     Той қонақтары жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов,   Ақпарат және қоғамдық даму министрі Қыдырәлі Дархан сияқты тұлғалар қаламгердің  өмірі мен шығармашылығы туралы орамды ойлар айтып, көпшілікті айтулы күнмен құттықтады.       Мерекелік іс-шара «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасуда.

Жамбыл облысы