Шерхан Мұртаза, Ақселеу Сейдімбек – жаңа көше атауы
Шерхан Мұртаза, Ақселеу Сейдімбек – жаңа көше атауы
562
оқылды
Елордадағы 30-дан астам көше мен 3 аллеяға танымал қазақ тұлғаларының есімі берілуі мүмкін. Бұл туралы қалалық мәсли­хаттың ашық талқылауға шығарылған жаңа қаулысында айтылған. Алматы ауданында орналасқан А24 көшесі – Орал Мұхамеджанов, А62 көшесі – Сафуан Шаймерденов, Нұрлы жол көшесінің №37 үйден № 26 үйге дейін жалғасқан бөлігі – Бозоқ, Мұстафа Шоқай көшесінің №2 үйден №10 үйге дейін жалғасқан бөлігі – Ботай көшесі деп аталмақ. Ал Есіл ауданының аумағындағы № 202 көшесіне – Нұркен Әбдіров, Е103 көшесіне – Олжабай батыр, Е111 көшесіне – Шерхан Мұртаза, Е324 көшесіне – Дүкенбай Досжан, Е325 көшесіне – Еркеғали Рахмадиев, Е582 көшесіне – Бертіс би, Е607 көшесіне – Құман Тастанбеков, Е608 көшесіне – Шолпан Жандарбекова, Е757 көшесіне – Ақселеу Сейдімбек, Е890 көшесіне – Ермұхан Бекмаханов, Е898 көшесіне – Тұрсынбек Кәкішев атауы берілмек. Сарыарқа ауданына қарасты №20-40 көшеге – Сәбит Мұқанов есімі беріледі. Қаулы жобасы бойынша Дина Нұрпейісованың ескерткіші жанында орналасқан аллеяға – «Қазақ елінің күйшілері мен күйші-композиторлары аллеясы» деген атау берілмек. Ал Сыртқы істер министрлігі ғимаратының алдында орналасқан аллеяны – «Нәзір Төреқұлов атындағы дипломаттар аллеясы» деп атау ұсынылып отыр. Көшелер мен аллеяларға атау беру туралы мәслихат қаулысы 10 күннен соң күшіне енеді.