Қант тапшылығы өзіміздің шаруаларды қолдау өте маңызды екенін көрсетті – Президент
Қант тапшылығы өзіміздің шаруаларды қолдау өте маңызды екенін көрсетті – Президент
Фото: t.me/bort_01
438
оқылды
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президент жергілікті тұрғындармен кездесуінде Жетісу облысында қант қызылшасы егілетін аумақты 2,5 есе ұлғайтып, 15 мың гектарға жеткізу жоспарланып отырғанын айтты. «Қант саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі кешенді жоспары әзірленді. Оған 500 миллиард теңгеге жуық инвестиция салу көзделіп отыр. Алдағы 5 жылда өзіміз өндіретін қанттың үлесі 7 пайыздан 43 пайызға дейін өседі. Жетісу облысында қант қызылшасы егілетін аумақты 2,5 есе ұлғайтып, 15 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Биылғы қант тапшылығы мәселесі өзіміздің шаруаларды қолдау өте маңызды екенін көрсетті. Жәрдем шаралары тек қазақстандық фермерлерді қолдауға арналған. Жалпы, біз отандық агросекторды қолдау жұмыстарын одан әрі жалғастыра береміз. Соның арқасында Жетісу өңірі еліміздегі қант өндіретін орталықтың біріне айналады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.