Қазақстан мен Ресейдің арасындағы шекараның 30 пайызы бекітілген жоқ – СІМ
Қазақстан мен Ресейдің арасындағы шекараның 30 пайызы бекітілген жоқ – СІМ
© alash.kz
354
оқылды
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Сенат отырысынан кейін Ресеймен арадағы мемлекеттік шекараны бекіту рәсімі қашан аяқталатынын айтты. Сыртқы істер министрі Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараның ұзындығы 7,5 мың шақырымнан асатынын, оның 70 пайызы бекітілгенін атап айтты.
"Қалған 30 пайызы таулы аймаққа кіреді. Оған тағы 2-3 жыл керек. Әрине, екіжақты шекараны айқындау (делимитация – ред.) процесі аяқталды. Біз шекараның нақты қай жерден өтетінін білеміз. Тек сол жерді бекіту процесі қалды", – дейді Мұхтар Тілеуберді.
Министрдің айтуынша, Ресеймен арада Каспий теңізі бойынша шекара мәселесін шешу жұмыстары да жүріп жатыр.