Қазақ футболының аңызы Сұлтан Әбенов өмірден өтті
Қазақ футболының аңызы Сұлтан Әбенов өмірден өтті
359
оқылды
Қазақ футболының ардагері Сұлтан Әбенов 71 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Қызылорда футбол мектебінің түлегі алғаш рет 17 жасында "Автомобилист" командасының сапында жасыл алаңда жарқылдап, жанкүйерлердің жүрегін жаулады. Сұлтан Мұрашұлы қызылордалық команданың қатарында КСРО чемпионатында 100-ден астам ойын өткізіп, 33 гол соқты. Сонымен қатар алматылық "Қайраттың" сапында ойнады. Ойын мансабын аяқтаған соң "Қайрат" командасын басқарды. Әрі қарай партия мен дипломатия қызметіне ауысып, әр жылдары ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі, ҚР Парламент Мәжіліс аппараты жетекшісінің орынбасары, ҚР Президент әкімшілігінде қызмет атқарды.