Grand Slam турнирінде екі дзюдошымыз қола жүлдегер атанды
Grand Slam турнирінде екі дзюдошымыз қола жүлдегер атанды
1,088
оқылды
Абу Даби қаласында өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысында 48 кг салмақта дзюдошы Әбиба Абужақынова мен 66 кг салмақта Есет Қуанов қола медаль алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлайды. Әбиба осымен биылғы екінші Grand Slamде медаль алды. Маусым айында Ulaanbaatar Grand Slamде қола медаль алған болатын. Әбиба қыздар арасында Grand Slam жарысында 2 медаль алған алғашқы қазақ қызы.