Ақпарат және қоғамдық даму министрі Республика күні қарсаңында үздіктерді марапаттады
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Республика күні қарсаңында үздіктерді марапаттады
388
оқылды
Бүгін Қазмедиа орталығында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және оған қарасты ұйымдардың Республика күніне арналған салтанатты іс-шарасы өтті. Министр Дархан Қыдырәлі әріптестерін құттықтап, бұл күннің маңыздылығына тоқталды.  width=
«Бұл – еліміздің мемлекет құру жолындағы ең алғашқы тағдыршешті қадамы жасалып, егемендігіміздің іргетасы қаланған күн. Сондықтан тәуелсіздік тарихындағы таңбалы датаны қайтадан атап өтуіміздің өз жөні бар. Қазіргідей сындарлы кезеңде жұдырықтай жұмылып, мемлекетіміздің мүддесі үшін бірлесе қызмет ете береміз деп сенемін», – деді министр.
 width= Іс-шара барысында Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлына «Парасат» және «Егемен Қазақстан» газетінің жауапты хатшысының орынбасары Амангелді Қиясқа «Құрмет» ордені табысталды. Сондай-ақ бірқатар сала қызметкеріне «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медалі, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі және басқа да марапаттар берілді. Айта кетейік, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталғандар арасында «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Назерке Жұмабай да бар.