Республика күні қарсаңында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Мемлекет басшысының Жарлығымен марапатталған журналистерге, министрлік қызметкерлеріне, сондай-ақ салалық ұйым өкілдеріне наградалар тапсырды.
«Егемен еліміздің еңсе тіктеп, өркендеуіне біздің министрлік те өз үлесін қосып келеді. Ел мүддесі мен ұлт ұпайын түгендеу жолында аянбай қызмет ете берейік», – деді ведомство басшысы өз сөзінде.Мемлекеттік наградаға ие болған азаматтардың қатарында Aikyn.kz сайтының бас редакторы Асқар Беков, «Литер» газетінің шығарушы редакторы Нұрғали Әбілдаев, сондай-ақ Аiqyn газетінің Солтүстік Қазақстан облысындағы тілшісі Роза Шәкен бар. Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.
А.ҚАЗАҚ