Ақтөбе облысында газ баллоны жарылып, үй қирап қалды
Ақтөбе облысында газ баллоны жарылып, үй қирап қалды
296
оқылды
Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылында газ баллоны жарылып, үй қирап қалды. Үй ішінде болған төрт адам ауруханаға түсті. Бүгін сағат 12:06-да құтқару қызметінің пультіне Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылында орналасқан тұрғын үйдің ішінде газ баллоны жарылып, үйдің өртеніп жатқаны туралы ақпарат түскен. Мұғалжар ауданы өрт сөндіру бөлімінен 5 адам мен техника жұмылдырылды.
«Шақырту орнына құтқарушылар жеткен кезде тұрғын үйде газ баллоны ашық қалып, газдың ауаға тарағаны, содан жарылып, өрт шыққанын білді. Үйдің қабырғасы құлап қалған. Өрт салдарынан 4 адам Мұғалжар ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. 2 адамды әртүрлі дәрежедегі күйік шалған. Жағдайлары қазір тұрақты», – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.